18-19 тамыз күндері Астана қаласында тамыз конференциясы өтті.

18-19 тамыз күндері Астана қаласында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің «Зияткерлік мектептерде оқытудың нәтижелері мен келешегі: жаңа талаптар, жаңа мүмкіндіктер» атты тамыз конференциясы өтті. Оған мектебімізден 14 педагогикалық қызметкер қатысты. Жаңа оқу жылында барлық мектептер жұмыс жасайтын бағыттар бойынша ақпарат алды. Мысалы, 2017-2018 оқу жылында оқу үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері, педагог қызметкерлердің аттестациясы аясында мектепшілік бағалауды жүргізу, ұстаздардың кәсіби жетілуі, PISA, TALIS халықаралық зерттеулеріне мектеп мұғалімдері мен оқушыларының қатысуы және т.б мәселелер кеңінен талқыланды. Сонымен қатар, шара барысында білім саласындағы үздіктерді марапаттау рәсімі де өтті.  Олардың қатарында Павлодар қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұстаздарының болғаны қуантты. Атап айтсақ, химия пәнінің мұғалімі Т. М. Абдрахманова жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін «Ы. Алтынсарин» белгісіне ие болса, ғылыми-әдістемелік жұмыс бойынша директордың орынбасары И. М. Бабич «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ басқарма төрайымы К. Шәмшидинованың атынан құрмет грамотасымен марапатталды.

учит химзам

Ұстаздарымызды құттықтай келе алдағы оқу жылында шығармашылық табыс пен істеріңізге сәттілік тілейміз!