Мектеп туралы
Павлодар қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 2013 жылдың 27 тамызынан бастап жұмыс жасайды.
Зияткерлік мектеп өз қызметінде келесі нормативті құжаттарды басшылық етеді:
- ҚР Конституциясы
- Білім саласының нормативті-құқықтық актілері
- «Білім беру» туралы Заң
- БҰҰ-ның бала құқығы туралы конвенциясы
- «Назарбаев Зияткерлік мектептері» Дербес білім беру ұйымының 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы
- «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Этика туралы кодексі
- «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның қамқоршылық кеңесі, Жоғары қамқоршылық кеңес бекіткен нормативті актілер
2015 жылдың қыркүйек айында мектеп Халықаралық мектептер кеңес (CIS) мүшелігіне ие болды. 2016 жылдың сәуірінде білім ошағы Халықаралық мектептер кеңесінің аккредитация алдындағы сапарын сәтті аяқтап, өзін-өзі бағалау процесін бастады. Ал, 2018 жылдың қыркүйек айында мектебімізде аккредитациядан өту жұмыстарын халықаралық сарапшылар жүргізді. CIS шешімі бойынша 2018 жылдың қараша айында Зияткерлік мектеп аккредитациядан өтіп, «CIS accredited school» статусына ие болды. 2020 жылдың қыркүйегінде CIS-ке мектеп орындаған ұсыныстарды және осы нәтижелерді жақсарту бойынша жоспарланған жұмыстарды ескере отырып, жұмыс нәтижелері туралы FRPP есебі жіберілді. 2016 жылы 30 желтоқсанда «Назарбаев Зияткерлік мектептері» Дербес білім беру ұйымының шешімімен Қамқоршылық кеңестің құрамы бекітілді және 2016 жылдың 1 қыркүйегінде қамқоршылық кеңес мүшелерінің алғашқы кездесуі өтті. Содан бері, Қамқоршылық кеңес мүшелері жылына кем дегенде 3 рет кездесіп, мектеп өміріндегі түрлі мәселелерді қарастырып, дамуын талқылайды.
Мектепте 114 мұғалім жұмыс істейді, олардың ішінде:
Мұғалім-сарапшы - 26, мұғалім модератор - 46, мұғалімдер – 27, мұғалім-стажер – 15. Мектеп ұжымының 52%-ының академиялық магистр дәрежесі бар, оның 6-ы Назарбаев Университетінің магистрі, 1-і PhD докторы, 4 қызметкері «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алған. 31 педагог сертификатталған жаттықтырушылар болып табылады. 3 мұғалім Павлодар қаласындағы NIS түлегі. Сондай-ақ, 6 шетелдік мұғалім бар. Олар жаһандық азаматтықтың дамуына үлес қосады.
Сапалы оқу процесін ұйымдастыруда заманауи құралдармен жабдықталған білім ордасы - 720 оқушыға арналған.
Оқу блогының құрамына 58 оқу кабинеттері кіреді. Оның ішінде: 18 тіл кабинеттері, физика және химия пәндерінің 10, математика пәнінің 9 кабинеттері бар. Сондай-ақ, география, тарих, экология және басқа да оқу кабинеттері де аталмыш блокта орналасқан. Сонымен қатар, мектебімізде жеке сабақтарға, өнер технологиялары, психологиялық демалыстарға арналған және бірнеше әмбебап аудиториялар қарастырылған. Жатақхана қанатында аймақтың шалғай елді-мекендерінен келген 132 бала тұратын жатақхана орналасқан.
2022-2023 оқу жылының 4-тоқсанының басында Павлодар қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 7-12 сынып аралығындағы 708 оқушы білім алуда. Мектеп ашылғаннан бері 816 оқушы аяқтап, мектеп түлектерінің барлығы халықаралық беделді оқу орындары мен Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына түсті. 2021-2022 оқу жылында 104 түлек бітірді: 36 студент Назарбаев Университетіне грантпен түсті, 13 студент шетелдік жоғары оқу орындарына түсті және 43 түлек қазақстандық оқу орындарына грант жеңіп алды. Халықаралық IELTS емтиханының орташа баллы - 6,7, ҰБТ - 131 балл. Ағымдағы оқу жылында 12-сыныптың 11 оқушысы шетелдік үздік университеттерден, соның ішінде «Шырмауық Лигасы» университетінен шақырту алып, біздің түлекке толық грант (full ride scholarship) берді.