Перейти к содержимому страницы.

Вокалды аспапты ансамбль үйірмесі

Мектептің «VIA Star» вокалды-аспапты ансамбль үйірмесіне  оқушылар үлкен ынтамен қатысады. Ансамбльдің  топтық және жеке дайындық сабақтары жүйелі түрде өткізіліп тұрады. Дайындық музыкалық сауаттылыққа, оқушылардың вокалдық қабілеттерін шыңдауға, түрлі электроаспаптарда ойнауға, әншіні музыкалық сүйемелдеуге үйретуге бағытталған. Музыкалық сауаттылық пен мәдениет, көркемдік талғам, дербестікке, белсенділікке тәрбиелейді.

Ансамбльдің басты мақсаты: қазақтың керемет музыкаларын, әуендерін электронды аспаптармен орындап дәріптеу, халқымыздың дәстүрлі музыкасын электронды аспап арқылы жеткізу, қызықтыру  және насихаттау болып табылады.

Міндеті:

Ансамбліміз мектеп ішінде өтетін концерттерге және мерекелік іс-шараларға белсенді қатысып тұрады. Репертуарында қазақ эстрадасында ұлттық музыкамызды насихаттап жүрген ансамбльдің  шығармаларын   және әр түрлі шетел музыкаларын,  оларға қазақи нақыш қосып орындауда. Қазгіргі таңда мектеп ішінде 2 құрам жұмыс жасайды: біріншісі – ересек сыныптардан, ал екіншісі төменгі сыныптардан құралған. Екі құрам да мектепішілік іс-шараларға қызыға қатысады.

 «VIA star» үйірмесінің жетекшісі: Өмірұзақ  Елемес.