Перейти к содержимому страницы.

«Сахна тілі» үйірмесі

Павлодар қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 2021-2022 оқу жылы сахна тілі қосымша білім беру сабағы ашылды. Бүгінгі таңда 15-ке жуық оқушы тәлім алуда.

Сахна тілі сабағын меңгеріп жүрген оқушылар, мектепішілік NIS радиоcына аптасына  3 хабардан жасайды.

Үйірме мақсаты - оқушыларды мәдениетті, мәнерлі сөйлеуге үйрету; сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Міндеттері:

      Бұл бөлімдердің әрқайсысының өзіндік өзгешеліктері бар. Дикция – cөздің таза айтылуы, яғни дауыс шығарып сөйлеудегі ерекшелік. Анық сөйлеу-дыбыс артикуляциясының жемісі болып табылады. Орфоэпия – тіл нормаларын сақтау яғни, сингармонизм заңдылығын ұстана отырып, дыбыстардың өзара үндесуі, жазылған сөздің айтылу тәртібі болып табылады. Тыныс – адам анатомиясы мен физиологиясының табиғи заңдылығы. Тыныс алу немесе дем алу – адамның ауа алмастыру үдерісі болып табылады. Дауыс – сөйлеу аппараты қызметінің нәтижесінде пайда болатын құбылыс. Бұл да табиғи заңдылық. Мәтінмен жұмыс жасау – cөздің таза айтылуын, дауыс шығарып сөйлеудегі ерекшелігін, тіл нормаларын сақтап, яғни сингармонизм заңдылығын ұстана отырып, дыбыстардың өзара үндесуін, адам анатомиясы мен физиологиясының табиғи заңдылығын, сөйлеу аппараты қызметін меңгере отырып, көркем сөйлеуге машықтану.

Сахна тілі ұстазы: Қазақстан Республикасының журналистер одағының мүшесі, облыстық  HALYQ RADIOSY бас редактор орынбасары, ойын-сауық бағдарламалар редакторы- Тулеубаев Елдос Жақияұлы