Перейти к содержимому страницы.

«Тоғызқұмалақ» үйірмесі

Тоғызқұмалақ – қазақ халқының ұлттық ойынының бірі. Тоғыз саны ежелгі түркі елдерінде қасиетті сан болып есептеледі. «Тоғыз жолдың торабы», «Тоғыз қабат торқадан, тоқтышақтың терісі артық», «Тоғыз інген боталап, тоғыз інген құлындап» деген сөз тіркестердің бәрінде тоғыз саны көптік мағынаны білдіріп тұр.

Тоғызқұмалақ ойыны – күннен күнге жер шарында танымал және спорт сүйер қауым көлемі артуда. Біздің мектепте де бұл күрделі, әрі қызықты ойынмен айналысуға мүмкіндік берілген.

Үйірменің мақсаты:

Міндеті:

Оқушылар тәжірибеден басқа  мектепішілік сайыстарға, қалалық, облыстық, республикалық деңгейдегі жарыстарға қатысады.

Жетістіктері:

2015  жылы қазақ хандығының 550 жылдығына арналған мектепшілік тоғызқұмалақ жарысында 1-орынға ие болған  Курмангалиев Алибек.

2015 жылғы 23-26 қараша айында ЖОББ мектеп оқушыларының  45-ші кешенді спартакиада бағдарламасында тоғызқұмалақ бойынша  ұлдар командасы  Кайсин Алишер және Курмангалиев Алибек 3-орынға ие болды. Қыздар командасы  1-орынға Толжан Аружан,Төлеубек Аяжан иеленді. Жеке кездесу нәтижесінде қыздар арасында 1-орын Төлеубек Аяжан. Ұлдар арасында  2-орын Курмангалиев Алибек.

2018 жылы жалпы білім  беру мектеп  оқушыларының 48 -ші кешенді спартакиадасы бағдарламасында  тоғызқұмалақ бойынша ұлдар командасы Жумағали Сырымдат, Бозтаев Санжар 2-орын, қыздар командасы Жанабекова  Меруерт, Жумагельды Гульшайза 2- орынды иеленді. Жеке  кездесу нәтижесінде ұлдар арасында 1-орын Жұмағали Сырымдат, қыздар арасында 2-орын Жумагельды Гульшайза ие болды.

2021 жылы 2-4 қараша аралығында  онлайн форматта желілік спартакиядада  ұлдар арасында 1-орынға  Қажатолла Ерасыл, қыздар арасында 2-орынға Нукенова Малика ие болды.  

2021 жылы  6-8  желтоқсан аралығында ЖОББ мектеп  оқушыларының 51-кешенді спартакиадасы бағдарламасында тоғызқұмалақ бойынша ұлдар командасы Бозтаев Санжар, Қажатұлла Ерасыл 2-орынды иеленді .Жеке кездесу нәтижесінде ұлдар арасында 1 топта Қажатұлла Ерасыл 2-орын, 2 топтта Бозтаев Санжар  3-орын, қыздар арасында  Шайменова Даяна  3-орынға ие болды.

Үйірме жетекшісі: Жангазинова Лазат Сапаровна