Перейти к содержимому страницы.

«Шабыт» театр үйірмесі

Театр – өзге өнер түрлеріне қарағанда табиғаты ерекше өзгеше өнер. Оның туындылары – спектакль немесе қойылым, көпшілік күшімен, яғни шығармашылық ұжымның жұмыла  еңбек етуімен өмірге келетін қиын процесс. Ал, актерлік өнер – адам бойындағы қабілеттердің көмегімен белгілі бір кезең  мен уақытқа тән тірі образ жасау өнері. 

Мақсаты:

Міндеті:

Үйірмеге қатысып жүрген балалар осы уақыт ішінде мектебіміздің көптеген мәдени іс-шараларына қатысты. Қатысушылар  белгілі тұлғалардың мерей тойларына арналған  қойылымдарда ойнады.

Соның ішінде  мектеп сахнасында Қ. Жүнісовтің «Сәкен сұңқар», «Қош келдің Әз Наурыз», С.Торайғыровтың «Кедей» поэмасы бойынша үзінді, Н. Крыловтың мысалдары бойынша үзінді, Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Абай жолы» романынан  «Жас Абай»  үзіндісі, «Ұлы Жеңіс» және «Ұстаздар күні» мерекесіне арналған Ш. Айтматовтың «Ана Жер Ана» романы мен  «Алғашқы ұстаз» повесі бойынша Майсалбектің , Алтынайдың монологтары, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жылдық мерекелік театралдандырлған концертке Ж.Артықбаевтың «Малайсары Тархан» пьесасы бойынша «Абылайдың арманы» және Е. Төлеубайдың «Оян қазақ, Ойлан қазақ» пьесасы бойынша «Алаш» атты үзінділер сахналанды.

Жетістіктері:

2021 -2022  оқу жылы басында мектебіміздің 9 «А» сыныбының оқушысы Еркеназ Мұратбек  Халықаралық «DREMFEST» көркем сөз байқауында топ жарып, 1-орынға ие болды.

«Шабыт» театр үйірмесінінің жетекшесі:  ҚР Тұңғыш президенті Қоры сыйлығының лауреаты,  ҚР «Мәдениет саласының үздігі» Балтабаева Айсулу Ахметбекқызы.