Перейти к содержимому страницы.
Sapakov Duman

Құрметті достар!

Зияткерлік мектеп қауымдастығы атынан сайтымызға қош келдіңіздер деп айтқым келеді!

Мектебіміз әр адамның сәтті дамуына, алға қойған мақсаттарын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ерекше орын деп мақтанышпен айта аламыз. Біз оқушыларға тек білім мен дағдыларды беріп қана қоймай, олардың жауапты, шығармашыл болуларына ықпал етеміз және қазіргі күрделі әлемде өмірге дайын болуға көмектесуге тырысамыз.

Біздің сайтта сіздер мектептің жұмысы жайлы, оқушылар мен мұғалімдердің жетістіктері туралы ақпаратты таба аласыз. Сондай-ақ, осында сізді қызықтыратын көптеген сұрақтарға жауап алуға болады. Сайт сіздер үшін пайдалы, әрі қызықты болады деп үміттенеміз. Сонымен қатар жарқын болашаққа сапар біздің мектепте білім алудан басталатынына көздеріңіз жетеді деген сенімдеміз.

Біздің сайтқа кіргендеріңіз үшін рақмет! Бізбен байланыста болыңыз, біз сіздерге балаларды оқыту мен тәрбиелеуге қатысты барлық мәселелерде көмектесуге дайынбыз.

Сапаков Думан Набильевич, мектеп директоры