Перейти к содержимому страницы.

ҒАЛЫМЖАН ЖАНҒАЗЫ – ИНФОРМАТИКАДАН ЕУРАЗИЯЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ

18-01-2022

Павлодар қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Ғалымжан Жанғазы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдер өткізілетін Информатикадан ХІІІ Еуразиялық Олимпиаданың жүлдегері атанып, ІІІ дәрежелі дипломымен марапатталды. Ғалымжанды бұл сайысқа дайындап, жетекшілік еткен информатика пәнінің мұғалімі Айнагүл Ермекова.Айта кетерлігі, жас информатиктердің халықаралық турнирінде 50-ден астам отандық команда, сондай-ақ Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан өкілдері қатысты.