Перейти к содержимому страницы.

«МЕН – ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ ҰЛАНЫ»

18-01-2022

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Павлодар қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде ІІІ облыстық «Мен – Тәуелсіз елдің ұланы» тақырыбында оқушылар арасында форум болып өтті.Форумның мақсаты – жас ұрпақтың көшбасшылық қабілеттерін дамыту, өзара тәжірие алмасу.Аталмыш шара 2021-2022 жылына арналған Тәрбие жұмысы жоспарына сәйкес, сонымен қатар, оқушылардың көшбасшылық дамыту және жалпы орта білім беру мектептері арасында өзара әріптестік құру мақсатында ұйымдастырылды.Форумға қаламыздың 5 мектебінен оқушылар қатысты. Атап айтсақ, “Білім-Инновация” лицейі, дарынды балаларға арналған көп салалы лицей-интернаты, 25 ЖОББМ, Абай гимназиясы және дарынды балаларға арналған 3 гимназия. Студенттік кеңес оқушылары меймандарды қарсы алып, Назарбаев Зияткерлік мектебіне эскурския жүргізді. Содан кейін, «Теam building» активити ойындары жүргізілді. Форум қатысушылары ойындарда бір-бірімен жақынырақ танысты.Мейман оқушылар эстафетадан өтіп, мектебіміздің кітапханасында зияткерлер READx және MUN жобаларымен таныстысты. Шара ұйымдастырушылары – студенттік кеңес.Бұдан бөлек қатысушылар маңызды тақырыптарды ортаға салып, өзара пікір алмасты. Мектеп Президенті Ислам Абдрахманов форум белсенділік үшін студенттер кеңесінің атынан қатысушыларға алғыс білдірді. Форум соңында ІІІ облыстық «Мен – Тәуелсіз елдің ұланы» тақырыбында өткен оқушылар арасында форум қатысушыларына сертификаттар табысталды.