Перейти к содержимому страницы.

Барлық NIS-те оқу жетістіктерінің мониторингі басталды

14-09-2022

Барлық NIS-те 7-12 сынып оқушыларының оқу жетістіктерін анықтайтын мониторинг басталды.

Мониторингтің негізгі мақсаты – оқушылардың білімі мен дағдыларындағы олқылықтарды анықтау, оқу үдерісінің жағдайын үздіксіз бақылау арқылы білім сапасын арттыру. Назарбаев Зияткерлік мектептері оқушыларының оқу жетістіктерін бағалау саясатына сәйкес мониторинг жыл сайын қыркүйек, қаңтар, сәуір айларында жүйелі түрде жүзеге асырылады.

Мониторингтік бақылау 8-12 сынып оқушылары үшін математика, физика, химия, биология, Қазақстан тарихы, Қазіргі әлемдегі Қазақстан, информатика, география пәндері бойынша компьютерлік тестілеу түрінде жүргізіледі. «Тыңдалым» мен «Айтылым», «Оқылым» мен «Жазылым» деңгейін көрсететін болады.

7-сынып оқушылары үшін бұл бірінші, «кіріс» мониторингі болып табылады. Олар математика және тілдік пәндер бойынша берілген тест сұрақтарынан басқа, кеңістіктік ойлауға арналған тапсырмаларды орындайды.

Мониторинг нәтижесінде алынған ақпарат мектеп әкімшілігіне жаңа мақсаттар қоюға негіз болады, мұғалімдерге оқушылардың ынтасын қалыптастыруға, қосымша сабақтар тағайындауға мүмкіндік береді.