Перейти к содержимому страницы.

Павлодар қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебі оқушыларының «Сәби box» жобасы орталық жағалауда орнатылуда.

14-09-2022

Модуль кішкентай сәбилерімен серуендеп жүріп, тамақтандыратын орын іздеген аналарға арналған. 
Жоба авторлары, мектебіміздің түлектері Әсем Жұманова, Жасмин Ерсайын, Альфия Серікова, Тания Тлеубаева  әлеуметтік сауалнама жүргізіп,  2020 жылы  бұл идеямен «Халықтық қатысу бюджеті» жобасына өтініш берген. Бастама тұрғындар арасында көп дауыс жинағандықтан әкімдік модульді орнату жұмыстарын бастады. Жоба қыркүйек айының соңында аяқталады деп жоспарланған. 
Бұл ретте жоба жетекшілері Қуаныш Конкышев, Руслан Тоғайбаев пен Болат Мукушевтің де еңбегін атап өткен жөн.