Перейти к содержимому страницы.

Павлодар қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде үйірмелер жәрмеңкесі өтті.

14-09-2022

40-астам клуб қатысушылары  оқушыларды өз жұмыстарымен таныстырып, клуб қатарына қабылдады. Енді балалар сабақтан тыс уақыттарында нанотехнология, экоүй, туризм негіздері, хор, тоғызқұмалақ, заманауи би сынды тағы басқа үйірмелерге қатыса алады. Олардың қатарында оқушыларды робототехника негіздеріне үйрететін үйірме де бар. 
- Робототехника үйірмесінде түрлі платформалар арқылы робот жасауға болады. Өткен оқу жылында біз түрлі олимпиадаларға қатысып, жетістіктерге жеттік. Бұл үйірмеге роботехника туралы білмеген оқушылар да жазылып, қысқа уақытта нәтижеге қол жеткізе алады, - дейді Әмірәлі Тайчик.