Би үйірмесі
Би – бала денсаулығына оң ықпал етеді. Би арқылы бала адамдармен қарым-қатынас жасауды үйреніп, өз денесін толық меңгеріп, барлық бұлшық ет тобын дамытып, координациясын жақсарта түседі. Сонымен қатар, би оқушылардың психологиялық жағдайына да әсер етіп, өзін-өзі дамытуына әсер етеді. Билеу арқылы тек шынығып қана қоймай, иммунитетті күшейтіп, бұлшық етті қатайтуға болады. Олар өзін әрдайым тік ұстайды, сонымен қатар шыдамды келеді.
Мектебімізде екі би ансамблі құрылған: «Салтанат» және «Нұр Алтын». Жалпы ансамбльге 30-дан астам оқушы қатысады. Сонымен бірге би курсы – мектептің негізгі сабақ кестесіне енгізілген. Сыныптар арасында да іріктеу жасалып, шағын ансамбльдер құрылып, мерекелік іс-шараларға билер қойылады.
Үйірменің басты мақсаты:
- оқушылардың би өнеріне деген қызығушылығын арттыру, тұлғаны қалыптастыру;
- шығармашылық қабілеттерін дамыту;
- би арқылы балалардың физиологиялық денсаулықтарына ықпал ету.
Міндеттері:
- балаларға би қимылдарын музыка мазмұнына сәйкес орындауға үйрету;
- балалардың қимыл белсенділіктерін арттыру;
- ырғақты би арқылы еркіндік, шығармашылық пен психологиялық жағымды эмоциясын арттыру болып табылады.
Жетістіктері:
2021-2022 оқу жылы басындағы ансамбльдердің жетістіктері:
- Халықаралық «Бала шабыты» би конкурсында «Салтанат» би ансамблі «Ою-өрнек» биімен 1-орын;
- «DREAM FEST» халықаралық би конкурсында «Нұр Алтын» би ансамблі «Домбыра» биімен 1-орын;
- «DREAM FEST» халықаралық би конкурсында «Салтанат» би ансамблі «Ою-өрнек» биімен 1-орын;
- Республикалық «Бала шабыты» би конкурсында «Салтанат» би ансамблі «Ою-өрнек» биімен 1-орын;
- Халықаралық «Жас Дарын» би конкурсында «Салтанат» би ансамблі 1-орын, «Нұр Алтын» би ансамблі 2-орын;
- «YOUNG ARTIST» хореографиялық конкурсында «Нұр Алтын» би ансамблі 2-орын иеленді.
Би ансамбльдері үйірменің қойған жоспары бойынша өз жұмысын атқаруда.
Ансамбльдердің жетекшісі: Бахтиярова Ажар Сағынбекқызы