«Асыл мұра» домбыра үйірмесі
Қазақ халқы ғасырлар бойы әндері мен күйлерін, асыл мұра ретінде ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, осы уақытқа дейін сақтап келген. Күмбірлеген күй арқылы адамның жан-дүниесін, айта алмаған сырын, қуаныш пен қайғыны жеткізе білген.
Қазақ өнерінде нағыз бағалай білетін жұртшылық үшін ең құндысы ол құдіреті қос ішекті қасиетті қара домбыра.
Мақсаты:
Домбыра аспабы арқылы оқушыларды өнерге деген сүйіспеншілігін ояту. Жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімді дамытып, ұлттық құндылықтарды құрметтейтін тұлғаны тәрбилеу. Сонымен қатар, ұлттық аспапты құрметтеуге және сол арқылы ұлттық салт-дәстүрімізді насихаттау.
Міндеттері:
- ұлттық аспаптарымызды танып білуге, құрметтеуге үйрету;
- домбыра аспабының әрбір үйдің қастерлі мүлкіне айналуына қол жеткізу;
- үйірме мүшелерінің музыкалық сауатын арттыру, аспапта ойнау шеберліктерін шыңдау;
- домбырада жеке және топқа қосылып ойнауға дағдыландыру.
Ансамбліміз мектеп ішінде өтетін концерттерге және мерекелік іс-шараларға белсенді қатысып тұрады. Ансамбльдің репертуарында қазақтың әйгілі күйшілерінің шығармалары, оның ішінде: Құрманғазының, Қазанғаптың, Дәулеркерейдің, Н.Тілендиевтің т.б. күйлері. Сонымен қатар репертуарда электро аспаптар қосылған заманауи импровизацияланған шығармалары бар.
Жыл сайынғы желілік «Ұлы дала мұрагерлері» атты домбырашылар флэшмобына қатысушылар саны артуда.
«Асылмұра» домбыра үйірмесінің жетекшісі: Құрманғали Ануар Түлкібайұлы.