Перейти к содержимому страницы.

Кітапхана туралы

Кітапхана Зияткерлік мектептердің зияткерлік, ақпараттық және білім беру кеңістігінің бөлігі. Ақпараттық ресурстардың жалпы қолжетімділігін қамтамасыз ететін, оқушылардың шығармашылық және интеллектуалдық дамуына ықпал ететін мәдени, білім беру және ғылыми қолдау орталығы болып табылады.

Кітапхананың негізгі мақсаты - балаларда ақпараттарды іздеу және талдау, оқу іс-әрекетін ақпараттық қамтамасыз етудің ілімдері мен дағдыларын қалыптастыру. Өзгерістерге тез бейімделуге, сыни тұрғыдан ойлауға, қажетті ақпаратты іздеуге және өңдеуге үйрету.

 

Кітапхана қызметінің негізгі мақсаттары:

 

Кітапханың негізгі мақсаттары

Кітапхана пайдаланушыларына ақпаратқа ашық және еркін қол жеткізуді қамтамасыз ету, мұғалімдер мен оқушылардың іс-әрекеттеріне, білім беру жобаларына және ғылыми-зерттеу жұмыстарына көмектесу.

Қазіргі заманғы кітапхана атқаратын көптеген жаңа қызметтер мен функцияларға қарамастан, кітапхананың негізгі құрамдас бөлігі оның ақпараттық әлеуеті болып табылады, өйткені, ең алдымен, кітапхана ақпараттың репозиторийі болып табылады. Сондықтан кітапхана жұмысының ең маңызды бағыты – кітапхана қорын жинау.

Оқу үдерісін табысты ұйымдастырудың негізгі басымдықтарының бірі – оқушыларды оқу және салалық әдебиеттермен толық қамтамасыз ету. Бүгінгі таңда кітапхананың жалпы қоры 25333 дана кітапты құрайды. Кітапхана қоры үш тілді толықтырылады. Кітапхана балаларға арналған ғылыми-көпшілік, анықтамалық, көркем әдебиеттермен жабдықталған. Қорды орналастыру бөлімдер бойынша және алфавиттік ретпен жүзеге асырылады.

Кәсіби байланыстарды ұйымдастыру және қолдау, пайдаланушыларды кітапхананың жұмысы туралы хабардар ету және мектеп кітапханасын пайдаланушылардың көбірек аудиториясын қамту мақсатында әлеуметтік желілерде парақшалар құрылған:

 

Кітапхананың жұмыс кестесі:

Дүйсенбі 08.00 – 19.00

Сейсенбі 08.00 – 19.00

Сәрсенбі 08.00 – 19.00

Бейсенбі 08.00 – 19.00

Жұма 08.00 – 19.00

Сенбі демалыс күні

Жексенбі демалыс күні