Перейти к содержимому страницы.

«BOOKCROSSING - 2021»

18-01-2022

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Павлодар NIS-та дәстүрлі «BOOKCROSSING» акциясы өтті.Bookcrossing – ағылшын тілінен аударғанда «кітапты айналымға шығару» немесе «кітап сыйлау» деген мағынаны білдіреді. Бұл жолғы акцияға Павлодардағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларымен қатар бүкіл ұжым мүшелері қатысты.Акция шарты бойынша әрбір адам өзі оқып-танысқан кітабын мектеп кітапханасына тапсыру керек болды. Қатысушылардың барлығы түрлі жанрдағы кітаптарын ала келді. Ең бастысы әдебиеттер оқушылардың жасына сай болуы тиіс.Акция кезінде 200-ден астам кітап жиналды. Мектеп ұстаздары жатақханада тұратын оқушыларға кітаптарды табыс етті. Ал, зияткерлермен жатақхана ұжымы өз кезегінде мұғалімдерге алғысын білдірді.“BOOKCROSSING” акциясы қазіргі технологияның дамыған заманында оқушылардың тіл байлығын дамытуға септігін тигізетіні анық. Сондықтан, бұл акция жас ұрпақты әдебиет пен көркем шығармаға жетелеу үшін таптырмас мүмкіндік.