Перейти к содержимому страницы.

«ЕЛІМ МЕНІҢ» ПАТРИОТТЫҚ ӘНДЕР ШЕРУІ

05-01-2022

ҚР Тәуелсіздігінің жылдығына орай Павлодар қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде шаңырақтар арасында «Патриоттық әндер шеруі» атты байқау өтті.Байқаудың мақсаты – оқушылардың патриоттық рухын арттыру. Өз елін, жерін, отанынан сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу. Сонымен қатар, балалардың патриоттық әндерді орындау шеберлігін арттыру.Сайыс шарты бойынша оқушылар «Отан», «Туған жер», «Ту» тақырыбында ән шырқау керек болды. Ең бастысы, сахна мәдениеті, орындалатын әнге байланысты сахналық киім үлгісіне аса мән берілді. Байқау жеңімпаздары әділ қазылар алқасы анықтады. Оның құрамында мектебіміздің өнер мұғалімі Алия Қайдарова, «Сахна тілі» үйірмесінің жетекшісі Елдос Тулеубаев және хореограф маман Ажар Бахтиярова болды.Әділ-қазылар алқасының шешімі бойынша номинация иегерлері мен жүлдегерлер анықталды:«Ең үздік видеосүйемелдеу» номинациясы – «Өркен» шаңырағы«Шеберлік орындау» номинациясы – «Алау» шаңырағы«Актерлік шеберлік» номинациясы – «Бірлік» шаңырағы«Ең үздік музыкалық орындау» номинациясы – «Ақсұңқар» шаңырағыЖүлделі орындар:3 орын иегерлері – «Өркен» шаңырағы2 орын иегерлері – «Алау» шаңырағы1 орын иегерлері – «Бірлік» шаңырағыГран-при – «Мұрагер» шаңырағы.Бас жүлде иегерлеріне қалалық дыбыс жазу студиясына кез-келген композицияны жазуға мүмкіндік беретін сертификат берілді.Айта кетерлігі барлық 12 шаңырақ бұл байқауға тыңғылықты дайындалған. Кураторлардың қолдауымен үлкен шеберлікке толы концерттік қойылымдар ұсынды. Әділ-қазылар алқасы оқушылардың өнеріне жоғары баға берді.