Перейти к содержимому страницы.

NIS мұғалімдері ECER 2022 халықаралық конференциясына қатысты

14-09-2022

Павлодар қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің сарапшы мұғалімдері Валерия Головинцева, Назым Алықпашова, педагог-модераторлар Бақыт Ерманова, Алеся Гуринова, стажер-оқытушысы Римма Кушваевадан тұратын педагогтар тобы әлемнің түкпір-түкпірінен білім беру саласындағы жүздеген зерттеушілерді жинаған жыл сайынғы ECER 2022 халықаралық конференциясына қатысты. Биылғы ECER (European Conference on Educational Research) конференциясы Армения астанасы Ереван қаласында өтіп, оған 50 елден 800-ге жуық ғалым қатысты.

Павлодардағы NIS-тің оқытушылары халықаралық ынтымақтастық, оқушылардың ғылыми-зерттеу және тілдік дағдыларын дамыту саласындағы өз зерттеулерін ұсынды. Қатысушыларымыздың презентациялары қызу пікірталас тудырды және ынтымақтастық туралы ұсыныстар жасады.
- ECER 2022 конференциясына қатысу мұғалімдерге басқа елдерден келген мұғалімдердің зерттеулерін көруге, олардың жұмысын қалай ұйымдастырып, ұсынатынын, қандай зерттеу тақырыптарын таңдайтынын көруге мүмкіндік берді. Бұл ғылыми қызметкер ретінде кәсіби дамуда үлкен тәжірибе болды, - деп педагог сарапшы Валерия Головинцева өз әсерімен бөлісті.