Перейти к содержимому страницы.

Павлодарлық оқушылар "Ұлы дала мұрагерлері" домбырашылар флешмобына қатысты

22-12-2021

ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай Павлодар қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде жас домбырашылардың орындауында аты аңызға айналған күйлер шырқалды.

Құрманғазының күйі “Балбырауын”, Н.Тілендиевтің «Әлқисса» күйі, халық әні «Елім-ай» және қырғыздың күйі «Маш ботой» шығармасын Павлодардағы Назарбаев Зияткерлік мектептің 65 оқушысы орындады.

«Ұлы дала мұрагерлері» атты дәстүрлі домбырашылар флешмобында домбырамен қатар, қазақтың шаңқобызы, дауылпаз, дабыл, қобыз сияқты ұлттық аспаптары қолданылды.

Ауқымды шараның мақсаты - Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың жүргізіп отырған саясатына қолдау білдіру. Ұлттық аспап домбыра мен өнерімізді күй арқылы насихаттау. Патриоттық шара зияткерлердің бойына отансүйгіштік қасиетті сіңіруге мақсатталған.

Домбырашылар флешмобы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің "100 күй" жобасы аясында өткізілді. Менің ойымша, бұл қолына домбыраны алғаш рет алған зияткерлер үшін өте пайдалы жоба. Осының арқасында күйлердің шығу тарихымен танысып, оның автор жайлы көптеген тың ақпараттарды сіңіреді. Биылғы жылғы флешмобқа 7-12 сынып аралығындағы әртүрлі жастағы оқушылар қатысты. 4 күй таңдап алынды. Осылайша, көне күйлерді жаңғыртамыз. Оқушылармен қатар, акцияға 2 ұстаз бірге қатысты,

- дейді Павлодар қаласы ХББ НЗМ-нің домбыра үйірмесінің жетекшісі Толқын Қанаева.

Шараның ерекшелігі бір сәтте алпыстан аса павлодарлық зияткер қазақтың 4 күйін орындады. Айта кетерлігі, «Ұлы дала мұрагерлері» атты домбырашылар патриоттық акциясы дәстүрге айналған. Жыл сайын ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің барлық филиалдарында біз мезгілде өткізіледі. Биылғы жылы дәстүрлі акцияға Қазақстан бойынша 1000-ға жуық Зияткерлік мектеп оқушылары қатысты.