Перейти к содержимому страницы.

Конкурстық іріктеу

Құрметті ата-аналар мен үміткерлер!

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7 сыныптарында оқуға үміткерлерді конкурстық іріктеу 2023 жылғы 2-3 наурызда өтеді.

 

Тестілеу құрылымы

2 наурыз (бейсенбі)

3 наурыз (жұма)

Қабілеттіліктібағалау тесті

Тілдік тест

Математика

40 тапсырма

60 минут 

Қазақ тілі

20 тапсырма

120 минут

Сандық сипаттамалар

60 тапсырма

30 минут 

Орыс тілі

20 тапсырма

Жаратылыстану

20 тапсырма

30 минут 

Ағылшын тілі

20 тапсырма

Барлығы

120 тапсырма

120 минут

Барлығы

60 тапсырма

120 минут

 

Тестілеуді өткізу уақыты

Іс-шара

1 ауысым

(қазақ тілінде оқыту)

2 ауысым

(қазақ және орыс тілінде оқыту)

1

 Тіркеу

 07.00–09.30 (Астана қ. уақытымен)

14.00 – 16.00 (Астана қ. уақытымен)

2

 Бейненұсқаулық

09.40–10.00 (Астана қ. уақытымен)

16.10 – 16.30 (Астана қ. уақытымен)

3

 Тестілеу

10.00–12.00 (Астана қ. уақытымен)

16.30 – 18.30 (Астана қ. уақытымен)

 

Тіркеу орталықтандырылған түрде Астана қаласының келесі уақытымен жабылады:

1 ауысым үшін сағат 09:31

2 ауысым үшін сағат 16:01

 

Тіркеуге кешіккен үміткерлер көрсетілген уақыттан кейін тестілеуге жіберілмейді.

Үміткерде өзімен бірге келесі заттар болуы керек:

  1. рұқсат қағазы;
  2. қара сиясы бар шарикті қалам (гельді емес);
  3. 3. зат таңбасы жоқ бөтелкеде су алуға болады.

 

Тыйым салынған заттар.
Тестілеу кезінде келесі заттардың болуына жол берілмейді:
 

- ұялы телефон

- кітаптар

- сызбалар

- фото/бейне құрылғылар

- сөздіктер

- циркуль

- қарындаштар мен өшіргіштер

- маркерлер

- сызғыштар

- сөмке

- тамақ және сусындар (судан басқа) - жазу құрылғылары

- калькуляторлар

- құлаққаптар

- блокноттар

- кепка, шапкалар

- басқа электрондық құрылғылар (смарт-сағат)

 

Тыйым салынған заттардың бар-жоғын алдын ала тексеріп, оларды үйде қалдыруыңызды сұраймыз!

Үміткерде тестілеу кезінде тыйым салынған заттар табылған жағдайда үміткер аудиториядан шығарылады және оның тестілеу нәтижелері жойылады.